Күндізгі стационар

Тажибаева Айгерим

Күндізгі стационардың терапевті

Тіркеу бөлімі

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін

«Otau Med» клиникасында 20 төсектік күндізгі стационар бар, ерлер мен әйелдерге арналған бөлек орындары бар. Мұнда сіз мамандармен кеңескеннен кейін тікелей емделуге мүмкіндігіңіз бар: бұлшықет ішіне инъекциялар, ішілік ағынды және дәрі-дәрмектерді тамшылатып енгізу, сондай-ақ әртүрлі блокадалар мен инъекцияларды жүргізу – терапевт дәрігердің тағайындауы бойынша. Яғни, емделуді тағайындалған күні бастауға болады. Сіздің қан қысымыңызды дәрі қабылдағанға дейін және одан кейін де өлшейді.

Күндізгі стационарда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді: бүкіл емдеу процесін бақылайтын және парентеральді инфузиялар кезінде пациенттің әл-ауқатына қызығушылық танытатын күндізгі стационар дәрігері; күндізгі стационардың медбикелері өздерінің кәсібилігімен және ұқыптылығымен пациенттердің сенімі мен алғысына ие болды; Күндізгі стационарда процедуралар кезінде сізге бір реттік төсек жабқыш ұсынылады, кварц режимі күніне 3 рет сақталады: 08:00-ге дейін, 14:00-15:00, 18:00-ден кейін, қажет болған жағдайда кондиционер жүйесі қосылған. Дәрілер жабық шкафтарда сақтауда болады. Күндізгі стационардағы қызмет кезекпен көрсетіледі. Пациенттерге 17:00-ге дейін ем-қабылдау шаралары жүргізіледі. «Otau Med» клиникасының күндізгі стационарында жақсы ем қабылдауынызға тілектеспіз!